LyricM

Қуандық Рахым – Аппағым Lyrics (KZ)

Қуандық Рахым – “Аппағым” Текст:

1) Жүрегіммен жүрегіңді көздегем,
Сапар алдым ең бақытты кезге мен.
Үміт үздім сені көріп өзгелерден,
Өзгермеймін бұл қалпымнан – сөз берем.
Күй де кештім ешқашанда кешпеген,
Бұл сезімдей ешбір сезім сезбегем мен.

[Қайырмасы]
Мөлдіреген сенің жанарың –
Түнгі әсем қаланың
Жанып тұрған шамдарындай.
Сені алғаш көрген кезімде,
Қайран болып қалғаным-ай!
Мың қараның ішінен менің
Таңдап алған аппағым,
Дәл қазіргі сәттерім –
Ең бақытты шақтарым.
Сені көріп, аппағым,
Іздеп жүріп тапқаным-ай.

2) Бақытты сәт сеніменен басталған,
Күнім – өзің, жарық шашқан аспаннан.
Сезіміңе қатты-қатты мас болғам мен!
Бұл жүрегім – мәңгі сенің тұрағың,
Күлгеніңді жұлдыздардан құрадым,
Сендей жанды қолды жайып сұрадым мен!

[Қайырмасы – 2 рет]
Мөлдіреген сенің жанарың –
Түнгі әсем қаланың
Жанып тұрған шамдарындай.
Сені алғаш көрген кезімде,
Қайран болып қалғаным-ай!
Мың қараның ішінен менің
Таңдап алған аппағым,
Дәл қазіргі сәттерім –
Ең бақытты шақтарым.
Сені көріп, аппағым,
Іздеп жүріп тапқаным-ай.

Мың қараның ішінен менің
Таңдап алған аппағым,
Дәл қазіргі сәттерім –
Ең бақытты шақтарым.
Сені көріп, аппағым,
Іздеп жүріп тапқаным-ай…

Lyrics (KZ)
  1. LyricM
  2. Lyrics (KZ)
© LyricM.com | Privacy Policy | Cookie Policy | DMCA