Ернар Айдар – Қандай сұлу Lyrics (KZ)
Асығам кездесу өзіңмен
Көруге бақытымды көзіңнен жаным
Жеткезу мүмкін емес сөзіммен
Айтып оның бəрін
Уақыттан сəл кешігіп шақырған
Шығасың əдемі боп алдымнан еркем
Жылытып шуағың басылмай құмарым
Қарап тұрамын
Қандай сұлу еркелеген күлгенің
Қандай сұлу мың бұралып жүргенің
Сенен асқан сұлу барма білмедім
Сүйді тек сені жүрегім
Сырласып жаным жалғыз екеуміз
Жолдармен жаяу жүріп өтеміз талай
Өткенін сезбей қала береміз
Ұзақ уақыт қалай
Жібергім келмей сені соңында
Тұрамын қимай қарап жаныңда сенің
Қылығың тербейді жүректі өртейді
Қайтқым келмейді