Sadraddin – ANT Lyrics (KZ)
1. Жүрегіммен ант бердім,
Шүкір Алла бақ берді.
Болашақтың дәптерін,
Жазып келем бас әріптермен.
Аққуымды атпадым,
Ал досымды сатпадым.
Жіберемін қалай,
Өткен күннің батпағын?
Санада мың сұрақ,
Бір тұрып, бір құлап.
Пендеңе мың сынақ,
Бір күліп, бір жалып.
Тамшылар ұрғылап.
Қалағаныңды сұра,
Жаратқаныңнан жылап.
Алақаныңды жайып,
Алдағы күн уайым. [2×]
2. Енсеңді көтер, бауырым,
Жасағың істің тәуірін.
Адамның күні адаммен,
Көп достың кейде болғанмен,
Іс түссе қайда қалғанын?
Бетперде киген жан-жағым,
Кімге кіммін білмей барамын.
3. Жүрегіммен ант бердім,
Шүкір Алла бақ берді.
Болашақтың дәптерін,
Жазып келем бас әріптермен.
Аққуымды атпадым,
Ал досымды сатпадым.
Жіберемін қалай,
Өткен күннің батпағын?
Санада мың сұрақ,
Бір тұрып, бір құлап.
Пендеңе мың сынақ,
Бір күліп, бір жылап.
Тамшылар ұрғылап.
Қалағаныңды сұра,
Жаратқаныңнан жылап.
Алақаныңды жайып,
Алдағы күн уайым. [2×]