НаZима – Sen Lyrics (KZ)
Махаббат қайта келмейді
Мен оған қанша айтса да, сенбеймін
Жүрегім тез соғад осы битқа қарағанда..
Адам не дейді?
Олар не дейді?
Сөйле тағы-тағы маған тимейді.
Мейлі, бэйба.
Жүрегіңді тыңда!
Жүре бергін, сынба!
Қиын ба? Қиын ба?
Маған қымбат:
Тірлігім отбасыма (иә, иә)
Түсіндің ба?
Назима қазір шыңда!
Махаббат қайта келмейді
Мен оған қанша айтса да, сенбеймін
Жүрегім тез соғад осы битқа қарағанда, қарағанда (иә, иә, иә).
Жолға қарамай дөңгелек айналады
Менімен жаратқан және айналам менімен.
Жолға қарамай дөңгелек айналады
Менімен жаратқан және айналам, айналам.
Руым қонырат (мхм)
Қазақ қызы
Тарихта қалады ізім
Тек шын махаббат (мхм)
Сезім ізгі
Алға тартады бізді
Ат үстінде
Қолда тізгін
Өмір өзен
Бос өткізбе
Әңгімемен дым өзгермейді
Мақсат болса, қиындықты көзің көрмейді.
Махаббат қайта келмейді
Мен оған қанша айтса да, сенбеймін
Жүрегім тез соғад осы битқа қарағанда, қарағанда (иә, иә, иә).
Жолға қарамай дөңгелек айналады
Менімен жаратқан және айналам менімен.
Жолға қарамай дөңгелек айналады
Менімен жаратқан және айналам, айналам.
Шындық айтсай өзіңе
Айтсаң, тұрсай сөзіңде
Берілме сен, көтер еңсеңді.
Мен кіріссем – жеңем!
Уайымдама деймін!
Жолыңның соңында бақыт күтеді,
Өмірің болады әлі ертегі.
Бастысы өзіңе сен!