Ұланғасыр Қами – Лала гүл Lyrics (KZ)
Ulangasyr Qami – Lala gul.
Бір көріп ұнатқан қыз,
Ұмытам сені қалай?
Жауапсыз сұрақтармыз,
Таба алмас жолын оңай..
Гүл теріп баққа барған,
Сол тәтті шақтар арман,
Гүлімсің Лала менің,
Жырымсың жаттап алған.
Таң едің жарық нұрлы,
Ататын әппақ алдан…
Қоштастық Лала гүлім,
Қайдасың дара Күнім.
Қаратпай қоймаушы еді,
Қалам қас, қара бұрым.
Жеткізе алмадым ғой,
Жүректің саған үнін.
[Қайырмасы:]
Бір көріп ұнатқан қыз,
Ұмытам сені қалай?
Жауапсыз сұрақтармыз,
Таба алмас жолын оңай,
Өтпейміз сынақтан біз,
Өйткені тағдыр солай?
Махаббат – мәңгі көктем,
Шашатын жаның арай,
Құстардай самғай кеткен,
Хаттар жоқ саған қарай.
Басыма қонбай кеткен,
Бақытым, қалың қалай?
Махаббат – мәңгі майдан,
Ататын таңсың айнам,
Өшпейтін жүрегімнен
Кетпейтін жансың ойдан.
Деп едім жаным Еркем
Баяным, болшы Ләйләм.
Қол жетпес болдың арман,
Сезімдер енді жалған.
Өтеді жүрек қалай,
Өткелсіз жолды қалған?
Сезімді қорғамадық,
Бүршігін енді жарған.
[Қайырмасы.]
- Ұланғасыр Қами – Балқия
- Ұланғасыр Қами – Телефон
- Ұланғасыр Қами – Жалғызым — қазақ
- Ұланғасыр Қами – Легенда
- Ұланғасыр Қами – Жайлау (Ulangasyr Qami Jailau)
- Ұланғасыр Қами – Көктем
- Ұланғасыр Қами – Демеші
- Ұланғасыр Қами – Тамшылар
- Ұланғасыр Қами – Алла
- Ұланғасыр Қами – Жақтырмайсың
- Ұланғасыр Қами – Биле
- Ұланғасыр Қами – Ямахау (Қызыл Раушан 2)
- Ұланғасыр Қами – Қызыл раушан
- Ұланғасыр Қами – Жайлау (Ulangasyr Qami Jailau)