Assel Askar – Perishtem Lyrics (KZ)
Асель Аскар – Періштем.
Самға, самға, самға, самға сен аспанға
Қанатың талмасын, менің әппақ Періштем!
Самға, самға, самға, самға Жаратқанға,
Кездесеміз сенем Пейіште!
Менің тағдырымда болғаныңа — алғыс
Мені Анам деп таңдап алғаныңа — алғыс
Сен кеткелі мүлдем бос қалған
Көрген түстей көзден жоқ болған
Күндер-ай сағым…
Өртегенде ыстық жалын жанымды
Сені шексіз аңсап сағынғанымда:
Естімейді ешкім үнімді
Түсінбейді ешкім мұңымды
Кімге айтамын?
Самға, самға, самға, самға Сен аспанға
Қанатың талмасын, менің Періштем!
Самға, самға, самға, самға Жаратқанға,
Сенемін екеуіміз кездесеміз Пейіште
Екеумізде тым аз уақыт болса да
Сен сыйлаған маған бақыт қаншама
Сен кеткелі сөнді жарық күн
Сендей мені қай бір жан ұқсын
Шуағым менің
Жұбатады жұмақпенен ел мені
Ал мен үшін жұмақ деген сен едің
Кім біледі қанша жылайды?
Кім біледі қанша шыдайды,
Мына жүрегім!?….
Самға, самға, самға, самға сен аспанға
Қанатың талмасын, менің әппақ Періштем!
Самға, самға, самға, самға Жаратқанға,
Кездесеміз сенем Пейіште!